Бөлім маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды, трендтерді жедел анықтауға және оларға тиімді ден қоюға мүмкіндік беретін ҚР ақпараттық кеңістігіне жүйелі шолуды жүзеге асырады.

Бөлім сарапшылары саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізеді. Ақпараттық кеңістікті жүйелі талдау ықтимал тәуекелдер мен проблемалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Аналитикалық сүйемелдеу шеңберінде жергілікті жерлердегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалауға мүмкіндік беретін өңірлердің проблемаларына мониторинг жүргізіледі.

Сондай-ақ, бөлім жедел шешімдер қабылдау үшін қолданылатын ситуациялық аналитикалық материалдарды дайындаумен айналысады.

Жұмыста Facebook, Instagram, Telegram және т.б. платформаларда 10 мыңға жуық қазақстандық және шетелдік БАҚ материалдарын өңдейтін отандық ақпараттық-талдау жүйесі, сондай-ақ 250-ден астам түрлі интернет-қауымдастықтар мен арналардың жарияланымдары пайдаланылады. Автоматтандырылған мониторинг қолмен жедел мониторингпен толықтырылды.

Деректер негізінде ағымдағы ақпараттық трендтер туралы жедел талдау жасалады, медиа-жұмысты жетілдіру, ақпараттық бастамаларды «ұстап алу» және сарапшылармен, блогерлермен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен жұмыс құру бойынша ұсыныстар жасалады.

Бөлім сарапшылары дайындаған ақпараттық-талдамалық материалдар партия басшылығына, Мәжілістегі партия фракциясының депутаттарына, өңірлік филиалдарға одан әрі жұмыста пайдалану үшін жіберіледі. Осылайша, мониторинг деректері депутаттық сауалдарды қалыптастыру кезінде, өңірлерге, сондай-ақ өңірлік филиалдарға жергілікті халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін пайдаланылады.

Материалды беру форматы ретінде жедел анықтамалар, дайджесттер, шолулар, контекстік талдау, сапалы талдау және т. б. қолданылады.

Бөлімде белгілі бір мәселелердің даму динамикасын қадағалауға, трендтерді анықтауға мүмкіндік беретін материалдардың бірегей мұрағаты қалыптастырылды.

 

Мониторинг бөлімінің міндеттері:

БАҚ және әлеуметтік желілерде талқыланатын ағымдағы жағдай мен маңызды оқиғалар туралы басшылықты жедел және уақтылы хабардар ету;
БАҚ және әлеуметтік желілер мониторингі негізінде тұрақты есептер дайындау;
Ықтимал тәуекелдер мен проблемалық аймақтарды анықтау контекстінде халықтың өзекті мәселелеріне, резонанстық оқиғаларға мониторинг жүргізу.

 

Тілеулин Нұрболат

Бөлім басшысы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Қоғаммен байланыс, сайлау процестері және технологиялары саласының маманы.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың және Партия Төрағасы Е.Қошановтың Алғыс хаттарымен, партияның «Құрмет грамотасы» мақтау қағазымен және «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Зерттеу қызығушылықтары: ақпарат кеңістігінің сараптамасы, қоғамдық-саяси саладағы ақпарат ағындарының мониторингі.

Жаукеева Назерке

Аға сарапшы

Әлеуметтік ғылымдар магистрі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесіне үміткер, әлеуметтік медиа саласының маманы. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Талдау мектебінің түлегі (2025).
Қытай Халық Республикасында Конфуций институтының гранты бойынша тілдік тағылымдамадан өткен (Ланчжоу және Синьцзян университеттері). 2019 жылы Каспий медиа мектебінің қатысушысы (Ресей, Астрахань қаласы).
БАҚ-ты құқықтық мониторингтеу, сондай-ақ Президент сайлауы (2015, 2019 жж.) мен Парламент сайлауы (2016, 2021 жж.) кезінде электоралдық кампанияларға қатысу тәжірибесі бар. Бірқатар ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
Зерттеу қызығушылықтары: әлеуметтік медиа, саяси коммуникация, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың және ҚР Президентінің сыртқы саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісінің алғыс хатымен марапатталған.

Нұралиева Жансая

Аға сарапшы

Халықаралық қатынастар бакалавры. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. Қарағанды қаласындағы Buketov University түлегі. Ғылыми мақалалар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардың авторы.
БАҚ пен әлеуметтік желілерді мониторингтеу саласында жұмыс тәжірибесі бар.
Зерттеу қызығушылықтары: халықаралық қатынастар, Қазақстанның сыртқы саясаты, мемлекеттік ақпараттық саясат.
UNICEF Kazakhstan медиа-ерікті.
«Хабар 24», «Qazaqstan», «Astana TV» сияқты республикалық телеарналардағы түрлі ток-шоулар мен бағдарламаларға қатысқан.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаев пен ҚР Президенті Әкімшілігі басшылығының алғыс хаттарымен марапатталған.

Ахметола Азамат

Аға сарапшы

Назарбаев Университетінің «Саясаттану және халықаралық қатынастар» мамандығының түлегі.
Кәсіби қызығушылықтары: халықаралық қауіпсіздік, Еуразия аймағындағы елдердің саяси дамуы.