Жунусбеков Саят
заңгер-кадр маманыЭкономика және бизнес, сондай-ақ құқықтану бакалавры.
Астана қаласындағы С.Нарықбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің түлегі.
Мемлекеттік органдарды стратегиялық дамыту, корпоративтік басқару және мемлекеттік активтерді дамыту, сондай-ақ наразылық-талап қою жұмысы бағыттары бойынша мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар. Жеке сектордағы тәжірибе, мәмілелерді заңдық сүйемелдеу, заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), құрылтай құжаттарын өзгерту, азаматтық-құқықтық сипаттағы құжаттарды сараптау, наразылық-талап ету қызметі, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда сот процестеріне қатысу.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және мемлекеттік органдардың алғыс хаттарымен марапатталған.
Байбакирова Мерейгуль
Бас есепшіЭкономика және бизнес саласындағы бакалавр дәрежесі. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Қаржы және корпоративтік қаржылық-экономикалық операцияларда тәжірибесі бар.
Басшылықтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Айтбаева Жұлдыз
Кеңсе әкімшісіПедагогика және психология бакалавры, әлеуметтік ғылымдар магистрі. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Педагогика және психология» мамандығы бойынша, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде магистратураны бітірген.
Кәсіби қызметін жастар саясаты саласында бастады. Идеология, Әлеуметтік және жастар саясаты мәселелерімен байланысты мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастырумен және оған жетекшілік етумен айналысқан білім беру саласында жұмыс тәжірибесі бар.
Сондай-ақ, іс қағаздарын жүргізуге және әкімшілендіруге маманданған жеке секторда тәжірибесі бар.
2011-2013 жылдары «Президенттік стипендияның»иегері болды. Жетісай ауданының әкімі Ж.Бейсенбаевтың алғыс хатымен, Түркістан облысы «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Б. Тәжібаевтың алғыс хатымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Р. Т. Ембаевтың алғыс хатымен марапатталған.
Бауыржан Алдабаев
Жүйелік администраторAlikhan Bokeikhan University университетін есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген.
Сайттарды әзірлеу, серверлерді орналастыру және басқару тәжірибесі бар.
Партия басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталған (2024 ж).