Саяси талдау бөлімі Қазақстанның қоғамдық-саяси процестерін, елдің саяси жүйесі мен партиялық өрісін дамытуды зерттеумен және болжаумен айналысады.

Бөлім әлемдік және ішкі саяси күн тәртібіндегі негізгі оқиғалар бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындайды.

Бөлім партиялықтар арасында таратылатын қоғамдық-саяси тақырыптар бойынша әдістемелік құралдар әзірлейді.

Бөлім қызметкерлері түрлі сараптамалық алаңдардың жұмысына, оның ішінде ТВ-форматта белсенді қатысады, сондай-ақ БАҚ-та өз пікірлерін жариялайды.

 

Өмірзақов Медет

Бөлім басшысы

Әлеуметтанушы, заңгер, әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Магистратура аясында Германияның Магдебург қаласындағы Отто фон Герике университетінде (Otto-von-Guericke-Universität Magdeburg) ғылыми тағылымдамадан өткен.
2018 жылы біліктілікті арттыру аясында Саяси менеджмент мектебінде «Саяси-партиялық менеджмент» тақырыбында оқу курсын аяқтады.
Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индекс әдіснамасының тең авторы, сондай-ақ Әділетті Қазақстан Индексі, Құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділіктің ұлттық индексі және Әйелдердің саяси амбициялары индексінің бірлескен авторы.
SPSS статистикалық бағдарламасы арқылы деректерді талдау құралдарын еркін меңгерген.
Президенттік сайлау науқандарына (2019, 2022 жж.), Парламент сайлауына (2021, 2023 жж.) және 2024 жылғы АЭС құрылысы жөніндегі референдумға қатысу тәжірибесі бар.
Зерттеу қызығушылықтары: қолданбалы социология, электоралдық социология, сандық деректерді талдау.
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарымен және «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен (2022 ж.) марапатталған.

Беркутова Екатерина

Бас сарапшы

Саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің бірінші қабылдауының түлегі (2022 ж.). Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің саясаттану мамандығы бойынша докторанты.
Ғылыми қызығушылықтары: ішкі саясат, аймақтық басқару, экология мәселелері.
«Основные контуры региональной политики Республики Казахстан: стратегическое планирование, власть и экономика» баяндамасының (2015 ж.), «Современное восприятие интеграции в Республике Казахстан (обзор казахоязычной и русскоязычной прессы)» аналитикалық шолуының авторы (2013 ж.) және «Президент. Сайлау. Жаңа саяси дәуір» талдамалық баяндамасының бірлескен авторы (2022 ж.), сондай-ақ бірқатар ғылыми мақалалар жарияланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хаттарымен марапатталған.

Ахмеди Ерлан

Бас сарапшы

Саяси сарапшы. «21 ғасыр шешені. 77 кеңес» кітабының (2017), «Власть. Серый кардинал» кітаптарының саяси романының (2019), «Капитан Qazaqstan» комиксінің (2023), «2029: Жасанди Интеллект Диктаткрасы» ғылыми-фантастикалық повесінің (2024) авторы, «Президент. Сайлау. Жаңа саяси дәуір» (2022 ж.) аналитикалық баяндамасының бірлескен авторы.
Зерттеу бағыты: Қазақстанның ішкі, сыртқы саясаты және тарихы, халықаралық қатынастар, АҚШ және Түркия елдерінің саяси тарихы.
«Qazaqstan», «24kz», «Хабар», «Astana TV», «Первый канал Евразия», «Almaty TV» республикалық телеарналардағы саяси ток-шоулар мен бағдарламалардың қатысушысы («Біздің мақсат», «Күн тәртібінде», «Sarap Times», «Уақыт келді», «Бүгін», «Ашық алаң», «Большая неделя» и т.д.).
Республикалық БАҚ-да Қазақстанның ішкі саясаты туралы мақалалардың авторы («Айқын», «Литер», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»).
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хаттарымен және «Белсенді қызметі үшін» партиялық төсбелгісімен марапатталған (2022 ж.).

Төкенов Абдулла

Бас сарапшы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент» бағдарламасының докторанты. Мемлекеттік басқару магистрі (Nazarbayev University); Сингапур ұлттық университеті жанындағы Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тағылымдамадан өткен. Конрад Аденауэр қорының «Sur-Place» бағдарламасының стипендиаты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сарапшылар мектебінің түлегі.
Зерттеу қызығушылықтары: мемлекеттік басқару, әлеуметтік капитал, саяси партиялардың дамуы.
Сайлау науқандарын өткізуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан және партия басшылығынан алғыс хаттармен марапатталған.