ҚР Орталық сайлау комиссиясы халықтық коалициядан ұсынылған ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев оған ҚР Конституциясымен және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігін анықтады.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, барлық мемлекеттік органдар кандидатты сайлауға жіберуге ешқандай кедергі жоқ екенін растады.
Сондай-ақ ОСК қол жинау үшін қажетті мөлшерде қол қою парақтарын беруге қаулы етті.
«ОСК президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың оған Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігін анықтады», – деді Орталық сайлау комитетінің басшысы Нұрлан Әбдіров.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция ҚР ОСК-не тіркелу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынды. Атап айтқанда, құжаттар пакетін «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі», «қазақстандық спортшылар одағы»ұсынды.