You are currently viewing Мұнай сервисі нарығындағы жағдай туралы

2023 жылдың сәуір айында «БерАлы Маңғыстау Company» компаниясының қызметкерлері Астанада Энергетика министрлігі ғимаратының алдында ереуіл ұйымдастырды.

Бұрғылау ұңғымаларына қызмет көрсету тендерін басқа компания жеңіп алғандықтан «БерАлы Маңғыстау Company» штаты қысқаруға ұшырады.

Қазақстанның мұнай сервисі нарығында барлығы 2000-нан астам компания бар, мұндағы қызметкерлердің жалпы саны 270 000-нан астам.

Мұнай сервисі шамамен 17 қызмет түрін жүзеге асырады, олардың негізгілері – құрылыс-монтаждау жұмыстары, бұрғылау жұмыстары, жобалау және инжиниринг, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, геологиялық және геофизикалық жұмыстар.

2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіруші компаниялар 5,3 трлн теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алды, олардың жартысына жуығы мұнай сервистік қызметтерге тиесілі болды.

Анықтама: мұнай өндіруші компаниялардың сатып алуларының 24,8% — құрылыс-монтаждау жұмыстарына, 8% — бұрғылау жұмыстарына, 5,5% — жобалық және инжинирингтік қызметтерге, 5,5% — техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге, 4,3% — геологиялық және геофизикалық қызметтерге тиесілі болды.

Өнімдер мен қызметтерді жеткізуге жасалған шарттардың ең жоғары көрсеткіші «Теңізшевройл» ЖШС – 59,1%, «Қарашығанақ Петролеум компани» – 10,6%, «Өзенмұнайгаз» АҚ – 4,2%, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 4,1%, «North Caspian Operating Company» АҚ (Қашаған) – 3,8%, «North Caspian Operating Company» АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» – 2,8%, «Ембімұнайгаз» АҚ – 1,8%, «Жайықмұнай» ЖШС – 1,0%, «BUZACHI Operating Ltd» – 0,7%, «Қазгермұнай» БК – 0,7% және қалғаны – 33,4% байқалады.

Айта кету керек, Қазақстандағы келісімшарттардың көпшілігін шетелдік компаниялар орындайды, ал мұнай сервисіндегі жергілікті компаниялардың қамту үлесі, небәрі 16,3% құрайды.

Анықтама: жобалау және инжиниринг қазақстандық қамту көрсеткіші ең төмен сегменті болып табылады — 12%, геология және геофизика бойынша қазақстандық бизнестің үлесі – 29%, құрылыс жұмыстары бойынша – 50%-дан аспайды.

Топ-30 компанияның тізімінде (№1 қосымшаны қараңыз) барлығы 9 «қазақстандық компания», қазақстандық және шетелдік компаниялар арасындағы 10 бірлескен кәсіпорын, ал қалған 11 компанияның 100% шетелдік құрылтай капиталы бар. Бұл ретте, ең ірі мұнай сервистік компаниялардың топ-30 үлесіне мұнай өндіру секторының барлық сатып алуларының 30%-ы тиесілі. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша осы 30 компанияның үлесіне 2 трлн теңге орындалған жұмыс (ҚҚС-сыз) тиесілі болды.

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары Одағының деректеріне сәйкес, қазақстандық қамтудың әрбір 1%-ы елде жанама түрде 100 млн$ сақтай алады.

Мұнай сервистік компаниялардың негізгі проблемаларының бірі-негізінен белгілі бір жеткізушілер үшін әзірленетін, бір көзден тендер бойынша аффилденген компанияларға берілетін күрделі тендерлік талаптар.

Тендерлік құжаттарға қоса берілетін тапсырыс берушінің техникалық шарттары жыл сайын күрделене түседі, оларға физикалық орындау мүмкін емес талаптар енгізіледі. Мысалы, тендерді алдын-ала талқыламай жариялаған сәттен бастап және өтінім бергенге дейін он-он бес күн ғана беріледі, оның барысында қажетті сертификаттарды алуға болмайды. Осындай жағдай «Ембімұнайгаз» АҚ-мен болған. Мұнай сервистік компаниялардың бірінің басшысының айтуынша, аффилиирленген компаниялар «Ембімұнайгаз» АО басшылығына әсер етіп, Тапсырыс берушінің бірнеше жыл ішінде қалыптасқан конкурс шарттарын өзгертіп, барлық 4 лотты бір ірі лотқа біріктіргеніне қол жеткізді.

 

Компания Страна

происхождения

Сегмент Выплаты*, млрд тенге (без НДС)
1 Senimdi Kurylys США / Турция Строительно-монтажные работы 238,2
2 ССЕР Греция Строительно-монтажные работы 178,1
3 Novus Bolashak Казахстан / Великобритания Строительно-монтажные работы 115,3
4 KPJV Казахстан / Великобритания Проектирование 105,7
5 GATE Inshaat Турция Строительно-монтажные работы 105,1
6 Caspian Offshore Construction Realty Голландия Проживание и питание 91,3
7 KKTS Ирландия Строительно-монтажные работы 88,4
8 Velesstroy Россия Строительно-монтажные работы 88,2
9 SICIM Италия Строительно-монтажные работы 86,4
10 Kolashak Atyrau Казахстан / Великобритания Рекрутинг 85,7
11 SK SpetsMontazhStroy Греция / Казахстан Строительно-монтажные работы 76,5
12 Burgylau Казахстан Бурение 71,6
13 Schlumberger США Скважинные операции 67,5
14 Compass Kazakhstan Великобритания Проживание и питание 47,5
15 Neflestroiservice l.td Казахстан Строительно-монтажные работы 43,9
16 AKSAIGASSERVICE Казахстан Строительно-монтажные работы 41,5
17 Company Montazhspelsstroi Казахстан Строительно-монтажные работы 40,5
18 Fircroft Engineering Services Великобритания Рекрутинг 39,4
19 WOOD KSS Великобритания Проектирование 39.1
20 KKS-SICIM Италия / Казахстан Строительно-монтажные работы 38,9
21 OzenMunaiService Казахстан Бурение 37,4
22 PETROFAC-ISKER ОАЭ / Казахстан Строительно-монтажные работы 37,1
23 I5KER Consortium Казахстан Строительно-монтажные работы 33,4
24 Denholm-Zholdas Великобритания / Казахстан Строительно-монтажные работы 28,4
25 Oil Services Company Казахстан Бурение 27,0
26 Bonatti & Mss Consortium Италия / Казахстан Строительно-монтажные работы 25,2
27 SBP KMG-Burenie Казахстан Бурение 24,9
28 KMG Nabors Drilling Company США / Казахстан Бурение 24,4
29 Great Wall Drilling Company Китай Бурение 23,3
30 Caspian Offshore Construction Казахстан Аренда морского судна 20,8

Добавить комментарий