«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында саяси кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға саяси кеңес Бюросының мүшелері, Парламент депутаттары, өңірлік филиалдардың атқарушы хатшылары және басқалар қатысты.
Отырысты аша отырып, «AMANAT» атқарушы хатшысы Асхат Оралов ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап партияның жаңа саяси тұғырнамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Саясаттанушыларды, сарапшыларды, ғылыми қоғам өкілдерін, ҮЕҰ және т. б. тарта отырып, жұмыс тобы құрылды.
«Құжат жобасы бастауыш партия ұйымдарында, партия филиалдарында, сарапшылармен, жұртшылықпен белсенді талқыланып, әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді. Жалпы, мыңнан астам ұсыныс түсті. Партияның стратегиялық құжаты қоғам дамуының барлық негізгі үрдістерін ескереді. «AMANAT» жаңа саяси платформасы партияның құндылықтарын, қағидаттарын және тұтастай алғанда елдің даму көзқарасын көрсетеді. Саяси кеңес мүшелерінің қарауына келіп түскен барлық ұсыныстарды ескере отырып, түпкілікті құжаттың жобасы ұсынылды», – деді Асхат Оралов.
Платформаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, «AMANAT» Мәжілісінің депутаты саан Саировтың пікірінше, саяси құжат қазақстандық қоғамдағы демократия мен плюрализмге деген жоғары сұранысқа жауап болып табылады.
«»AMANAT» партиясының әрбір мүшесі осы құжаттың тең авторы болды деп сеніммен айтуға болады. Бұл ретте, платформаға ұлт, халық, мемлекет, мемлекеттік тіл, рухани даму ұғымдары, ең бастысы, халқымыздың бүгіні мен болашағы қандай болмақ», – деді халық қалаулысы.
Сондай-ақ, отырыс барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсенбай Тәжібаев, партияның Саяси кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы партия фракциясы басшысының орынбасары Инесса Чернышева және т. б. сөз сөйледі.
Партияның Саяси кеңесі отырысының қорытындысы бойынша 6 қазанда Астанада өтетін «AMANAT» кезектен тыс XXIV съезінің күн тәртібі қабылданды.