You are currently viewing Оңшыл партиялардың антиковидтік популизмі

Оңшыл популизм азаматтардың үкіметтер мен дәстүрлі партиялардың саясатына қанағаттанбауы аясында еуропалық саясаттың трендіне айналды.

2021 жылы ол rоронавирустық пандемиядан туындаған дағдарыс пен еуропалықтардың көші-қон саясатына наразылығы толқынында Еуропада тұрақсыздандырушы рөл атқарды. Оңшыл партиялар ковид диссиденттерінің қозғалысын кеңейтті және радикалдандырды, нәтижесінде үздіксіз наразылықтар билік үшін үлкен сынақ болды.

Билік пен саяси партиялардың әрекеттерін талдау келесіні көрсетті:

Биліктің шаралары мыналарға бағытталған:

1. Наразылықтарды күшпен басу (ескерту оты, иттермен қудалау, шоқпарар мен су атқыштарды қолдану) барлық елдерге тән. Канадада бұрын-соңды болмаған наразылықты тоқтату шаралары қабылданды. Астанасында ТЖ енгізілді, ұлттық ауқымдағы ТЖ туралы Заң қолданылды, ол наразылық білдіруші жүк көліктерінің жүргізушілерінің сақтандыруын жоюға және шоттарды бұғаттау мен краудфандингтік платформаның жұмысын шектеу арқылы наразылықты қаржылық қолдаудан айыруға мүмкіндік берді.

2. Оңшыл экстремистер қызметінің жолын кесу және наразылық білдірушілер туралы ақпарат алу мақсатында әлеуметтік желілерге қысым жасау. Наразылық білдірушілерді байланыстыру мен жұмылдырудың негізгі арнасы Telegram болды. Telegram мессенджер ретінде тіркелген және норма әлеуметтік желілерге таралатын болса да ГФР билігі оны контентті жеткіліксіз модерациялауға қатысты айыппұл салумен қорқытып 64 арнаны бұғаттауға мәжбүр етті.

3. Үздіксіз наразылықтарға байланысты ковид шектеулерін біртіндеп алып тастау. Коронавирус ауруының рекордтық көрсеткіштеріне қарамастан, мемлекеттер ковид шектеулерін азайта бастады. Бұл науқастарды ауруханаға жатқызудың төмен үлесіне, вакцинацияның жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге және экономиканы қолдауға деген ұмтылысқа байланысты. Австрияда билік бұл мәселеде шамадан тыс қаттылықты мойындай отырып, міндетті вакцинация туралы заңды қайта қарауға дайын.

 

Оңшыл саяси партиялар келесі әрекеттерді жасады:

1. Олар наразылық акцияларының ұйымдастырушылары болды, әртүрлі көзқарастағы адамдарды жұмылдыра алды. Австрияда наразылықтарды үшінші ірі парламенттік ұлтшыл «Бостандық партиясы» басқарды. Нидерландыда наразылық білдірушілерді «Демократия үшін форум» және «Бостандық партиясы» парламенттік партиялары жұмылдырды. Канадада парламенттік емес «Маверик» партиясы жүк көлігі жүргізушілеріне көлік шығындары, төлемақы және тамақтандыру үшін краудфандингтік жинау ұйымдастырды. Францияда алдағы сайлау аясында «Патриоттар» ұлтшыл партиясының президенттікке кандидаты Парижде 18 мыңдық наразылық ұйымдастырды.

2. Олар вакцинацияға қарсылардың билікке сенбеушіліктерін пайдаланды. Үкіметтердің антиковидтік әрекеттеріне қарсы қоғамдық науқан арқылы партиялар өздерінің саяси салмағын нығайтып, сайлаушыларды көбейтті. Германияның парламенттік сайлауында вакцинацияланбаған азаматтардың жартысы «Германияға балама» оңшыл партиясына дауыс берді. Австрияда аймақтық сайлауда 6% дауыс жинаған «Адамдар – Бостандық – Адамның негізгі құқықтары» антиваксерлер партиясы құрылды. Ол басқа партиялардың сайлаушыларын тартып алды, оның сайлаушылары арасында: 30% тым оңшыл, 30% қалыпты консервативті, 16% социалистік және 12% «жасылдар» болды. Канададағы «Бостандық конвойы» акциясын консерваторлар партиясының көшбасшысы өзінің міндетті вакцинацияға қарсы сайлаушыларының бір бөлігін ұстап тұру үшін қолдады.

3. Наразылықтың негізгі мәселелерін пайдаланды. Пандемия кезіндегі өмір сапасының төмендеуі, ковидтік шектеулерге және вакцинацияға наразылықтар, көші-қон саясатын сынау негізгі триггер болды. Бұл әртүрлі көзқарастағы адамдарды жұмылдыруға мүмкіндік берді.

4. Антиковидтік риториканы радикалдандырды. Ковид шектеулері мен нацистік билік, «адамгершілікке қастандық» арасында параллельдер жасалды. Вакцинация фашизммен салыстырылды және ол генетикалық эксперимент ретінде ұсынылды.

5. Үздіксіз наразылықты ұйымдастыру үшін бірігіп, нәтижесінде жаһандық сипат пайда болды. Еуропаның көптеген қалаларында наразылықтар демалыс күндері ұйымдастырылды. Канадалық «Бостандық конвойы» акциясының аналогы АҚШ-та өткізіліп, Еуропада ауқымды түрде өткізу жоспарланды, бірақ билік оны уақтылы баса алды. Наразылықтарды халықаралық краудфандинг платформалары арқылы шетелден келген қарапайым азаматтар мен пікірлес адамдар қаржыландырды.

Канада мен Батыс Еуропаның мысалында оңшыл популизм жаппай наразылықтарды ұйымдастыруда және радикалдандыруда өзінің жұмылдыру әлеуеті мен өміршеңдігін көрсетті. Оңшыл популизмнің қауіптілігі қоғамның мәселелерін жеңілдете қабылдау және азаматтардың кейбірі тыңдағысы келетін қарапайым, кесімді, бірақ тиімділігі аз шешімдерді ұсыну стратегиясында жатыр.

Саяси турбуленттілік кезеңі Еуропадағы оңшыл партиялардың саяси ықпалын нығайтты және оларды сайлауда билік партиялары үшін күшті бәсекелес етті. Мысалы, Францияда «Ұлттық бірлестік» партиясы президенттік партияның бағытын ілгерілетуге кедергі жасау мүмкіндігіне ие бола отырып, парламенттегі позициясын едәуір нығайтты.

Қазақстанда ұлттық бірегейлікті нығайтуға және ұлттық мәдениетті дамытуға сұраныстың болуы арқылы оңшыл популизмді жандандыру мүмкіндігі бар. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саясатын іске асыру аясында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында оңшыл көзқарастардың эволюциясына мониторинг пен талдауды тұрақты негізде жүзеге асыру қажет.

Өз электоратын сақтау және көбейту үшін «AMANAT» партиясы халыққа мемлекеттік тіл мен ұлт құрылысы мәртебесін арттыру, Қазақстанның интеграциялық одақтарға қатысуы және елдің халықаралық келісімдерді сақтау жөніндегі міндеттемелері мәселелері бойынша өз кейстерін түсіндіруі керек. Қоғамды сындарлы бағытқа бағыттап, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі центристік тәсілдің ұзақ мерзімді артықшылықтарын түсіндіру қажет. Мысалы, халыққа қарсы үгіт-насихат ретінде ұсынылған популистік шаралардың тиімсіздігі мен өмірге қабілетсіздігіне сараптама жасауды, сондай-ақ олардың ықтимал салдарын болжауды ұсынған абзал.

Добавить комментарий